Мұсылман мүмкіндігінше Құран оқумен шұғылданғаны дұрыс. Сәләф салихтардың (әуелгі өткен ізгілердің) Құранды хатым ету мерзімдері әртүрлі болған. Ибн Әбу Дәуіттің риуаятына қарағанда, кейбір сәләфтар әр екі айда бір рет, кейбіреулері айына бір рет Құранды оқып бітірген. Сондай-ақ он күнде хатым еткендері де риуаят етіледі. Басқа да тарихи қайнаркөздерде кейбіреулерінің сегіз, жеті, алты, бес, төрт, үш, екі, бір түнде Құранды хатым еткендері жайлы, тіпті, бір күн, бір түнде екі, үш, төрт, сондай-ақ түнде төрт рет, күндіз төрт рет хатым еткендері де кездеседі. Осман (р.а), Тәмим әд-Дәри[1],...