Омардың орнына халифа болуға негізі сен лайық екенсің...
Омардың орнына халифа болуға негізі сен лайық екенсің...

Халифа болып тұрған кезінде хазірет Омар (оған Алла разы болсын!) Мәдинаның көшелерін жиі аралап, көмекке мұқтаж адамдарды өзі іздейтін. Бірде түн жамылып көше аралап жүрген кезінде бір үйдің жанынан өтіп бара жатып кішкентай балалардың жылаған ащы дауыстарын естіді. Үйдің есігін қаққанда, іштен мосқал әйел шықты. Омар (оған Алла разы болсын!) балалардың жылау себебін сұрады. Әлгі әйел екі күн бойы нәр татпағандарын, балалардың аштықтан бұратылып жылайтынын, оларды алдап ұйықтату үшін қазанға тас салып қайнатып жатқанын айтты.

Мұны естіген Омардың жаны түршігіп кетті. Әлгі әйелге біраз тоса тұруын, қайта келетінін айтып, дереу қазынадан ұн, май, азық-түлік пен киім-кешек толы дорбасын иығына салып, көмекке мұқтаж балалардың жәрдеміне құстай ұшты. Қасындағы қызметшісінің дорбаны алып жүруге қанша өтінгеніне қарамастан:

– Қияметте менің жүгімді сен арқалайсың ба? – деп бой бермеді.

Хазірет Омар (оған Алла разы болсын!) аптығып үйге барды. Әлгі әйелдің балаларына тамақ пісіріп берді. Балалар тойынғанда ғана Омардың көңілі жай тапты. Ол жерден кетерде әйелдің «Алла Тағала сенен разы болсын! Омардың орнына халифа болуға негізі сен лайық екенсің» дегенін құлағы шалып қалды. Әйел қараңғыда келген кісінің хазірет Омар (оған Алла разы болсын!) екендігін білмеген еді...

ислам, иман, мейірімділік
Сырым ШәкизадаСырым Шәкизада
7 жыл бұрын 3441
0 пікір
Блог туралы